АУЫЛҒА ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ

АУЫЛҒА ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ

30 желтоқсанда аудандық мәслихаттың 24 кезектен тыс сессиясы және тұрақты комиссиялардың отырысы өтті.

Сессияға аудан әкімінің орынбасары Бақыт Айдосов, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлімдердің басшылары, қоғамдық ұйымдардың және БАҚ өкілдері қатысты.

Мұнда 2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округтердiң бюджеттерi бекітіліп, күн тәртiбiнде басқа да мәселелер қаралды. Аудандық мәслихат депутаттары барлық мәселелерді талқылап, өз ескертулерiн, ұсыныстарын енгiзiп, талқылау қорытындысы бойынша тиісті қаулылар мен шешiмдер қабылдады.

 Қарғалы-ақпарат.