115 ОҚУШЫНЫҢ ШЫРШАСЫ

115 ОҚУШЫНЫҢ ШЫРШАСЫ

Бадамша ауылында Қарғалы ауданының әкімі атынан балаларға «Қош келдің, жаңа жыл — жаңа белес, жаңа арман!» атты жаңа жылдық ертеңгілігі ұйымдастырылды.

Бұл күні аудан әкімінің атынан құрылған шыршаның айналасына ауданымыздың 115 оқушы жиналды. Түрлі жаңа жылдық костюмдер киген балалар безендірілген әсем шыршаны айнала, ән айтып, би биледі. Оқушылар немересі Ақшақарды ертіп, сыйлық толы дорбасын арқалай келген Аяз атамен бірге қызықты әрі көңілді ойындар ойнады.

Аяз ата өнерін көрсеткен балаларға сыйлық ұсынып, тілегін жаудырып, балалармен бірге жыл иесі — Қоянды қарсы алды. Жасыл шырша жанында ертегі кейіпкерлерi театрландырылған қойылымдар қойды. Аудан әкімі Асқар Жүсiбалиев балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, барлық балаға сыйлықтар табыстады.

Бақыт ИМАШЕВ.