АШУ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМ

Сурет ашық дереккөздерден
Жасөспірімдер ата-аналарына, ал ата-аналар жасөспірімдерге ашулануы мүмкін. Неліктен жасөспірімдер кішкентай балаларға қарағанда көбірек шамымызға тиеді? Ең алдымен жасөспірімнің бойында болатын өзгерістерге байланысты. Сыни тұрғыдан ойлау қабілетінің дамуы жасөспірімнің біздің пайымдауларымызға күмән келтіруіне себеп болады, бала кезінде ондай сыни ойлау болмаған. Бұл интеллектуалдық тұрғыда өсу жасөспірімді сіздің пікіріңізге күмән келтіріп қана қоймай сізбен келіспеуге итермелейтін даралық пен тәуелділікке деген ұмтылыспен бірге жүреді. Ол тек ойланып қана қоймай, шешімді өзі қабылдайды. Сондықтан жасөспірім ата-анасына жиі қарсыласып, олардың ашуын тудырады. Жасөспірімнің сөйлеу мәнерінен гөрі, мазмұнына мән беруіміз қажет. Егер жасөспірім сізге дауысын көтерсе демек балаңыз сізге бір нәрсе айтқысы келетінін білдіреді. Ашуланған ата-анасынан ауыр сөз естіген немесе физикалық зорлық көрген жасөспірім балалық шағында алған кез келген қызметті, қолдау сөздерін, сыйлықтарын, мазмұнды уақытты және жанасуды ұмытады. Оның есінде тек реніш пен айыптау сөздері, ата–ананың айқайы ғана қалады.
Жасөспірім ата-анасымен келісімге келіп, мінез-құлқын өзгерткісі келмесе, ана-аналар қаталдық танытып, өрескел бұйрықтар беруге көшеді. Жасөспірім өзіне бала сияқты қарағанды қаламайды, сондықтан ол «немесе» деген ультиматумды жақтырмайды. Ақылға көнбейтін ашудың салдарынан жағдай одан сайын нашарлайды. Ата-ана ретінде ашуыңызды басып, өзіңізді жауапкершілікпен және позитивті ұстауды үйренуіңіз керек. Әйтпесе бала тәрбиесіне деген барлық ізгі ниетіңізге қауіп төнуі мүмкін.
Нашар әдет, мінездің бәрін жеңуге болады. Ақылға бағынбайтын ашудың құлы болмауымыз керек. Ашуды басқару – тәрбиелеуді қажетсінетін ерекше дағды.
Избике ШАМИЛОВА,
«№2 Бадамша орта мектебі» КММ-нің педагог –психологы




