Имандылық пен күш бірлігі

Өткен  сәрсенбі күні аудандық «Ас-Самиғ» мешітінде ҚМДБ-ның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Дін мен дәстүр» бағыты аясында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ұлттық спорт сайысы өтті.

Игі шараның мақсаты – жастарды бауырмалдыққа, салауатты өмір салтына шақыра отырып, спортты жандандыру және ұлттық құндылықтарды жаңғырту.

Ұлттық рухты дәріптеген додада жамағат арасынан 8 қатысушы гір көтеруден күш сынасты. Әрбірі намыс пен жігерді алға шығарып, өз шеберлігін көрсете білді. Сайыс нәтижесінде: 1-орынды – Елнар Нұрғалиев, 2-орынды – Мереке Нуғайбаев, 3-орынды – Есет Аймұхан иеленді.

                           

Жеңімпаздарды мешіттің бас имамы Нұрлан Қырықбаев марапаттап, алғыс хаттар мен арнайы сый-сияпаттар  табыс етті.

Жыл сайын дәстүрге айналып келе жатқан мұндай жарыстар жамағат арасындағы бірлікті нығайтып, жастарды сабыр, төзім және рухани тұтастыққа бастайды. Бұл – спорттың тек дене шынықтыру емес, рухты тәрбилеу құралы екенін дәлелдей түседі. Осындай шараларға ауыл тұрғындарының бірдей атсалысуы – имандылық пен салауатты өмір салтының үйлесім табуының көрінісі.

Дін мен дәстүрдің үндестігі – халқымыздың рухани тірегі. «Ас-Сами» мешітінде өткен сайыс – тек күш сындар емес, жүректі біріктірген,  имандылық пен салауат жолын баянды етуге бағытталған шара болды.

Тілек БЕГАЙДАРОВ