Жасұлан-жеңімпаз

24 қараша күні Хромтау ауданында «Еркелей аққан Ор өзені» атты республикалық әндер байқауы өтті.

Дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын  байқау биыл XV-ші рет  Республикалық деңгейде өткізілді. Өнер додасында Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда облыстарымен қатар, Ақтөбе облысының аудандарынан барлығы 8 қатысушы 2 кезеңнен тұратын байқау ережесі бойынша өзара бақ сынады.         Аталмыш өнер сайысына біздің ауданымыздың атынан мәдениет үйінің өнерпазы Жасұлан Жұмабаев қатысты. Нәтижесінде, Жасұлан тартысты өнер бәйгесінде үздіктер қатарына көрініп, бас жүлдеге ие болды. Осылайша, жерлесіміз арнайы Дипломмен және 300 000 теңге қаржылай сертификатпен марапатталды.

Сондай-ақ, айта кететін болсақ, байқауға «Еркелей аққан Ор өзені» атты кітабының авторы Қызмет Нұралиннің ұрпақтары арнайы қонақ ретінде қатысып, байқауға «Екі езу» сатира театрының директоры Нұрлыбек Жұбатқан, белгілі әнші, сазгер Сейсен Айтжанов пен Жұлдыз Нұрқасымова  сынды өнер майталмандары төрелік етті.

Жұлдыз КЕНЖЕ.