“Ардагерлер спартакиадасы”  өтті

Хромтау ауданында 25 қараша күні облыстық “Ардагерлер спартакиадасы” бойынша аймақтық кезеңі өтті.

         Спартакиадаға жас ерекшеліктері бойынша 50-59, 60-69, 70 жас аралығындағы және 25 жылдан астам спорт саласында еңбек еткен ардагерлер қатысты. Аталмыш аймақтық кезеңге Хромтау, Ырғыз, Әйтеке би мен біздің ауданымыздың ардагерлері қатысты.  Спартакиада барысында  ардагерлер футбол және волейбол спорт түрлері бойынша бақ сынады.

Осылайша, тартысты ойынның  аймақтық кезеңінің нәтижесінде, футбол ойыны бойынша біздің ардагерлеріміз  жүлделі 2 орынға ие болды.

Еске сала кетейік, аймақтық кезең жеңімпаздары облыстық жарыста сынға түседі. Нақтырақ айтар болсақ,  «Ардагерлер спартакиадасы»  облыста 2-3 желтоқсан күндері шашка, шахмат және тоғызқұмалақ ойындары бойынша, ал 9-10 желтоқсанда шағын футбол, волейбол және үстел теннисінен өтеді.

Қарғалы-АҚПАРАТ.