«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясының жүргізілуі

Қазіргі кезде қоғамда шешілмей отырған көп мәселелердің бірі отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстағы зорлық-зомбылықтар болып отыр.

Жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әлсіз балалар, қарттар, мүгедектер мен әйелдер қауымы ұшырайды. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық әрбір үшінші отбасында кездесіп, тіркелген қылмыстардың 30 пайызын құрайды. Себебі — қызғаныш, маскүнемдік, бұзақылық.

Аудан көлемінде ағымдағы жылдың 25 қарашасынан бастап 10 желтоқсан аралығында «Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» науқаны өткізіліп жатыр. Науқанның негізгі мақсаты көпшілік халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, жолын кесу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейімді адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру, сондай-ақ әйелдердің өздерінің құқықтық білімін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықтың бұқара тобын таныстыру.

Науқанның негізгі бағыты — тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын ала отырып, отбасылық құндылықты бағалау.

Қазіргі қоғамдағы мәселенің бірі әйел адамдардың құқығы бұзылуы. Себебі әрбір үшінші әйелге зорлық-зомбылық көрсетіледі, ұрып-соғылады, төсек қатынасына мәжбүрленеді. Сол себеп АИТВ/ЖИТС ауруының таралуы көбеюде.

Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа күрес күні адамдар әлемнің барлық түкпірінен жиналып, адам құқығының бұзылуына жол бермеуге ықпал етеді.

 

                     Жазира СЕКСЕНБАЕВА,

аудандық аурухана басшысының орынбасары,

                                кәсіподақ төрайымы.

 

ТегтерАкция