«Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда, 18 жасқа толған азамат қала әкімдігіне «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін жүгінген.

Мемлекеттік ұйым өз кезегінде Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сілтеме жасай отырып, қызмет көрсетуден бас тартқан. Қызмет алушы мұндай шешіммен келіспей, Департаментке шағым жолдаған болатын. Шағымды қарау қорытындысымен қызмет берушімен істің мән-жайларын толыққанды дұрыс зерделемегендігі анықталды.

Нақты айтатын болсақ, азамат аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін 2022 жылдың 19 қыркүйегінде өтініш жолдап, қызметтің оң нәтижесін алған, яғни  2025 жылдың 1 маусымына дейін әскерге шақыру кейінге қалдырылған.

Алайда, қызмет алушы 2022 жылдың қазан айында сол жоғары оқу орнынан шығып кеткен.

Заңнын 35-бабына сәйкес, осы бапта көзделген әскерге шақыруды кейiнге қалдыру үшін негiздерінің күші жойылған азаматтар осы Заңда белгіленген тәртiппен әскерге шақырылуға жатады делінген, яғни қызмет алушының жоғары оқу орнынан шығуы оның 23.09.2022ж. алған әскери қызметті кейінге қалдыру мәртебесінің күшінің жойылуына себеп болды.

Дегенмен, Қызмет беруші әскерге шақыру комиссиясының шешімін басшылыққа ала отырып, азаматтың өтінішіне бұған дейін әскери қызметке шақырудың кейінге қалдырылғындығы негізінде бас тартқан.

Шағымды қарап, Департаментпен қала әкімдігіне қызмет алушының құқықтарын қалпына келтіру, сондай-ақ мұндай фактілерге бұдан әрі жол бермеу жөнінде ұсыным енгізілді. Ұсыным негізінде әкімдік қызмет алушыға қызметтің оң нәтижесін беріп, құқықтарын қалпына келтірді.

 

 

 

Талғат ЖАҚСЫБАЕВ,

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Ақтөбе облысы бойынша департаментінің

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы