«ЖАН ШУАҒЫ» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ

«ЖАН ШУАҒЫ» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ

Қазіргі заманда жастар тәрбиесінде, жүректі имандылыққа, махаббатқа қайырымдылыққа, ізгі іс жасауға және жүректен жүрекке арқылы қадам адам жанына әсер ету үрдісі кең ауқымда талқыланып келеді.

Өткен аптаның қасиетті жұмасында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары жүректен жүрекке қайырымдылық концертін өткізген болатын.     Жомарттықты жанына серік еткен егде тартқан кәрілерден бастап, мекеме қызметкерлері, жастар шағын мәдениет үйін толтыра жиылды. Аудан өнерпаздары да қайырымдылық мәнін келтірер сазды әуенмен шырқалта, жүрекке ой салар әуендермен әрлей білді. Көрермендер атынан ауданның белгілі кәсіпкері талайларға қол ұшын созып жүрген Мәдина Искакова сөз алып, көпшілікті қайырымдылыққа шақырып, бүгінгі іс-шараға ұйтқы болған мәдениет үйінің ұжымына алғысын жеткізді.

Мәдениет үйінің жиған қайырымдылық қаржысы қайырымдылық қорына тапсырылып,алда да жүректен жүрекке акциясы аудандағы ауылдық клубтарда жалғасын табады.

Қарғалы-ақпарат.