ҚАРҒАЛЫ КОМАНДАСЫ – ЖЕҢІМПАЗ

ҚАРҒАЛЫ КОМАНДАСЫ – ЖЕҢІМПАЗ

Жақында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Қысқы президенттік көпсайыстан облыстық чемпионат ұйымдастырылды.

Сайысқа барлық ауданнан балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің, спорт клубтары мен білім беру мекемелерінің қызметкерлерінен жасақталған командалар қатысты. Жарысқа қатысушылар кермеге тартылу, гимнастика, көз мергендігі және кеудені жерден көтеру мен шаңғы спорты бойынша өзара сынға түсті.

ҚАРҒАЛЫ КОМАНДАСЫ – ЖЕҢІМПАЗ

Облыстық чемпионат қорытындысының командалық есебі бойынша, Қарғалы ауданының намысын қорғаған команда нәтижелі ойын көрсетіп, жеңімпаз атанды. Ауданымыздың атын асқақтатып жүрген команда мүшелері жүлделі орындарға ие болды. Жекелей айтсақ, шаңғы жарысынан 50 жастан асқан әйелдер арасында Ләззат Мұқанова, Ақылжан Жолшоранов II орын, Жұбаныш Құрманбаев, Әсел Базбекова, Әділжан Қазиев, Барлық Хайрашев III орынды иеленді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Спортты дамыту дирекциясының дипломдары мен медальдары табысталды. Осы ретте аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асхат Айжарықов облыстық чемпионатқа қатысып, он екі ауданның спортшылары арасында топ жарған Қарғалы командасының мүшелеріне ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

 Қарғалы-ақпарат.