ЗЕЙНЕТАҚЫ АННУИТЕТІ ШАРТЫН КІМ ЖАСАЙ АЛАДЫ?

БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударып, зейнетақы аннуитеті шартын жасаса алады.

Негізгі шарттар:

– Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеушілердің жасы 45-тен асуы қажет

– Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) төлеушілердің жасы 40-тан жоғары болуы тиіс

– Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% төмен емес мөлшерінде төлемдерді қамтамасыз ететін зейнетақы жинақтарының жеткілікті сомасы болуы керек. Нақты есептеуді сақтандыру ұйымы жасайды.

Маңызды дәйектер:

– Шарт жасасу үшін таңдалған сақтандыру ұйымына жүгіну қажет

– Аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын, бірақ белгілі бір жастан ерте емес: ерлерге 55 жастан, 2024 жылы әйелдерге – 53 жастан жүргізіледі.

Егер шарт МКЗЖ есебінен жасалған болса, онда бұл адамдар үшін төлемдер олар 50 жасқа толған кезде жүзеге асырылады.

– Егер жинақ жеткіліксіз болса, ерікті зейнетақы жарналарын пайдалануға болады

– Шарт ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстар болып табылатын екі сақтанушымен бірігіп жасалуы мүмкін

– Сақтандырылған тұлғалар шарт жасалғаннан кейін екі жылдан кейін төлем мөлшерін азайтып, ақшаны БЖЗҚ-ға қайтару арқылы оның талаптарын өзгерте алады

– Сақтандыру төлемдері өмір бойы жүзеге асырылады

– Шарт талаптарын, оның ішінде зейнетақы жинақтарының мұрагерлігі бөлігін мұқият зерделеуді ұсынамыз.

Айгуль ЖОЛАМАНҚЫЗЫ,

Барып қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы

Ақтөбе облыстық филиалы

«БЖЗҚ» АҚ