ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Сенбі күні Ауған соғысы ардагерлерін еске алуға арналған Бадамша мектеп — бөбекжай — бакшасы спортзалында аудандық білім бөлімі және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң бiрлесе ұйымдастыруымен волейболдан облыстық жарыс өткізілді.

Спорттық жарыстың ашылу салтанатында аудандық білім бөлімі және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшылары Жанат Дүйсенова мен Асхат Айжарыков сөз сөйлеп, аталған мерекемен құттықтап, салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберлігін шыңдау өте маңызды екенін айтып, спортшыларға сәттілік тіледі.      Волейбол жарысына барлығы он команда қатысты: Ақтөбе қаласынан №70 ОМ — командасы, №18 ОМ — командасы, №51 мектеп — гимназиясының командасы, Актобе қаласының №8 ОМ — командасы, Хромтау ауданынан №7 мектеп — гимназиясының командасы, Ембі қаласының №1 ЖББОМ — командасы, Қандыағаш қаласының №4 ОМ — командасы, Құмсай ауылынан ЖББОМ командасы, Бадамша Жастары командасы және аудандық білім саласы қызметкерлерінің құрама командаларының спортшылары.

ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Тартысты бәсекеде барлық құрама команданың ойыншылары бар шеберліктерін көрсетті. Қызу тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша I орынды Ақтөбе қаласының №8 орта мектебі, II орынды Қандыағаш қаласының №4 ЖББОМ және III орынды Ақтөбе қаласының №70 OM — командаларының спортшылары иеленді.

Жеңімпаздар диплом, кубок, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды. Ойында белсенді шеберлік көрсеткен ойыншылар номинацияларға ие болып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

 Каргалы – ақпарат.