Ұстаздар қауымы-құрмет төрінде

Ұстаздар күні мерекесіне орай ауданда арнайы мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты басқосуға аудан әкімі Асқар Жүсібалиев, аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат Дүйсенова мен аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйым және де ардагер ұстаздар  мен мектеп директорлары, мұғалімдер қатысты.

«Ұстазым ұлағатым, үлгі өнегем» тақырыбындағы іс-шарада жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп келе жатқан ұстаздарға айрықша құрмет көрсетіліп, білім беру саласының дамуына зор еңбек сіңірген сала ардагерлерінің де мерейі үстем болды.

                                         

Аталмыш іс шарада алғашқылардың бірі болып сөз алған аудан басшысы Асқар Жүсібалиев барша ұстаздар мен сала ардагерлерін төл мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, елімізде білім саласының қызметкерлерін қолдау  мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламасы мен «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданғанын және осы заңға сәйкес педагогтардың еңбекақысы екі есеге өсіп, материалдық және құқықтық қорғаудың қамтамасыз етуде оразан зор жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

Шара барысында аудан әкімі ауданның білім саласында табысты еңбек етіп жүрген бірқатар мұғалімдерге алғыс хаттар табыс етті.

Одан соң аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат Дүйсенова мереке иелерін құттықтап, білім саласындағы табанды еңбектері мен жетістіктеріне ризашылығын білдіріп, белсенді ұстаздар қауымын марапаттады.

Еселі еңбегімен құрметке бөленгендердің арасында №2 Бадамша орта мектебінің ұстазы Мая Кумарова мен аудандық балалар өнер мектебінің педагогі Айнур Кангельдина Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

Ал облыстық білім басқармасының Алғыс хатын «Әлімбет орта мектеп-балабақшасы» КММ-нің ұстазы Гульнара Калдыбаева, Құрмет грамотасын №2 Бадамша орта мектебінің ұстазы Лайла Коптенова иеленді.

Сонымен қатар, шарада №1 «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жубаныш Курманбаев 2023 жылдың «Аудандық Үздік педагог» игері атанып, арнайы куәлік иеленді.  Оған қоса Ақтөбе облысының әкімі Алғыс хатымен және де 100 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйақымен марапатталды.

Ұстаздар мерекесіне орай мектеп оқушылары мен аудан өнерпаздарыда әннен шашу шашып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекеде қуанышқа бөленіп, құрметке ие болған ұстаздар салтанатты басқосудан ерекше әсер алып, шынайы ризашылықпен тарқасты.

Гүлжазира МЫРЗАБЕКОВА.