Үш тұғырлы тіл-жарқын болашақтың кепілі

Ағымдағы жылдың 5 қыркүйек күні «Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ-де Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында қазақ, орыс, ағылшын бірлестіктерінің мұғалімдері  бір ауыздан ат салыса отырып,  9-10 сынып оқушылары арасында  «Тіл – халық мұрасы» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырды.

Шараның қткізілу басты мақсаты — Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту. Сондай-ақ,  өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру,  осы мақсатта үш тілдік саясатын дамыту.

Шараның тұсаукесері қазақша бимен басталып, одан соң үш тілдегі әсем әуенмен жалғасты. Оқушылар алдын ала үш топқа бөлінді. Яғни, ойыншылар      қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өздерінің білімдерін ортаға салып, өздерінің нәтижелерін көрсете білді. Ойынның сергіту сәтінде қазақша мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, жұмбақты шешіп, оларды үш тілге аударуымен бірге қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ал екінші кезеңде «Logicаl tasks» тапсырмаларын орындады. Қызықты сәттердің бірі «Қара жәшік» ойыны болды. Оқушылар ұшқыр ой танытып, қызықты жауап беруге тырысты. Ойын соңында ұйымдастыру шартына сәйкес әділқазы алқасы өз шешімін жариялады.

Осылайша, тіл мерекесіне орай өткізілген шара соңында ойынға қатысушылар арнайы Мақтау қағаздарымен және де естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Жұлдыз КЕНЖЕ.