Үкіметтің басты приоритеті — халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту
Шүкірова Еркін Жандоллақызы,
«Ақтөбе облысы әйелдерінің аграрлық одағы» ҚБ төрағасы
Қазақстанда әлеуметтік міндеттемелердің толық көлемде орындалуы мен жүзеге асырылуы — мемлекетіміздің маңызды мақсаттарының бірі. Бұл туралы бүгін брифинг өткізіп, ұлттық экономика министрі Нурлан Байбазаров мәлімдеді. Үкіметтің басты приоритеті -халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту.
2025 жылдың қаңтарынан бастап, инфляция деңгейіне байланысты зейнетақылар мен жәрдемақылар индексацияланатын болады.
Жалпы 2025 жылғы республикалық бюджеттің жобасында 42 түрлі әлеуметтік төлемдерге 6 триллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға артық. Яғни, әлеуметтік қолдау аясында отбасыларға берілетін көмек көлемі артады. Соның ішінде 2 миллионнан астам балалы отбасыларға жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер ұсынылмақ.
Аз қамтылған азаматтар үшін де әлеуметтік қолдау көрсету жалғасады. Сонымен қатар, әлеуметтік көмектердің механизмдері қайта қаралуда, оның ішінде Цифрлық отбасы картасын енгізу мен мемлекеттік және жекеменшік ұйымдармен интеграциялау арқылы.
Мемлекет барлық азаматтардың, әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтардың өмірін жақсартуға бағытталған шараларды жүзеге асыруды жалғастырады және әрдайым халықпен бірге.