«Уақыт кеңістігіне саяхат» атты жылжымалы көрме

2023 жылдың 18 қазан күні аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері №1 Бадамша орта мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай  «Уақыт кеңістігіне саяхат» атты көрме өтті. Аталған іс-шараға мектеп оқушылары мен ұстаздар белсене қатысып, қызығушылықтарын танытты.

«Уақыт кеңістігіне саяхат» атты көрменің басты міндеті – ата-бабамыздан қалған құндылықтарымызды, бай мұраларымызды көздің қарашығындай сақтап, өткен тарихымызға терең үңіліп, келешек ұрпаққа жеткізу. Музей қорында сақталған эксклюзивті және құнды жәдігерлерінен тұратын ауқымды көрме мектеп оқушыларына ерекше тарту болды. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін анықтайды.

                   

 

Көрменің мақсаты – музейге келуші қонақтарға ұлттық рухымызды көтеру, үлгі тұту мен ағартушылық, тарихы мен мәдениетімізге деген зор құрметті арттыруды көздейді әрі, бүгінгі ісімізді жалғастырар ертеңгі ұрпаққа естелік етіп қалдырумен маңызды. Сондықтан да, көрме жұмысы  Ұлт құндылығын ұлықтау – өзімізді танып, тарихты тереңдей түйсіну үшін әлемдік өркениетке қосқан үлесімізді өскелең ұрпаққа жеткізуді көздеп отыр. Ең басты мақсаты кешегі, бүгінгі ұрпақтың ұлағатты істерін келер ұрпаққа үлгі етіп ұсыну.

Көрмеге қойылған кейбір жәдігерлер бір топ ұстаздарға естелік сыйласа, ал  енді бір топ оқушыларды құнды жәдігерлер қатарымен тамсандырды.

Жұлдыз КЕНЖЕ.