Елімізде тағы екі кәсіби мереке пайда болуы мүмкін

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мерекелік тізімге тағы екі мереке күнін енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

«Кәсіби мерекелер тізбесі «Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күні – 1 ақпан»; «Бұрғылаушы күні – қарашаның үшінші сенбісі» тармақтарымен толықтырылсын», делінген құжатта.

Жобаның негіздемесінде көрсетілгендей, 1991 жылдың 1 ақпанында Алматы әуежайында Қазақстанда алғаш рет авиациялық қауіпсіздік қызметі құрылған. Бүгінде бұл салада 3 мыңнан астам маман қызмет етеді.

Осылайша жаңартылған тізімге сәйкес елдегі кәсіби мерекелердің жалпы саны 53 болмақ.

Egemen.kz

 

ТегтерМереке