ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

Аудан әкімі Асқар Жүсібалиев әуелі Желтау ауылдық округіне қарасты Шәмші Қалдаяқов, сосын Петропавл ауылының, кейін Қос Естек, Бадамша ауылдарының тұрғындарымен кездесулер өткізді.       Тұрғындармен кездесулер барысында алдымен былтыр аудан аумағында атқарылған жұмыстарды баяндады. Одан соң әр елді мекенде биыл не жасалатынын атап өтті. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» жобасының мүмкіндіктері туралы әңгімелеп, кәсіп ашуға ниетті тұрғындарды осыған қатысуға кеңес берді.

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

Аталған кездесулерде аудан әкімі ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар кейбір мәселелердің орындалуы бойынша мекеме басшылары мен аудан әкімі орынбасарларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Әр елді мекенде өткен кездесулерден кейін тұрғындарды жеке қабылдап, ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Аудан әкімінің тұрғындармен өткізген барлық кездесуіне аудан прокуроры мен аудандық полиция бөлімі қызметкерлері және мекемелер мен бөлім басшылары қатысты. Олар да өз кезегінде тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарына жауап беріп, кеңестерін айтты.

 Қарғалы-ақпарат.