Тұмауға қарсы екпе жыл сайын салынады
Қазақстан Республикасы халқы расында тұмаудың және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың таралуының алдын алу мақсатында үстіміздегі жылдың 1 қазанынан бастап ауданымызда тұмау ауруына қарсы егу науқаны басталады.
Тұмау – тыныс алу жолдарының жіті ауруы. Тұмау кезінде бас ауырып, адамның иммунитеті әлсірейді. Биыл тұмауға қарсы екпе салу 1 қазанан басталады. Салынатын «Гриппол» вакцинасы Ресейде өндірілген.
Бүгінгі таңда барлық медициналық мекемелер тұмауға қарсы «Гриппол» вакциналарымен толық қамтылған. Бірінші кезекте, қауіп тобындағы тұрғындарға салынады. Олар: созылмалы ауруы бар балалар, медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер, жабық типтегі мекемелердің медициналық қызметкерлері (балалар үйі, мектеп интернаты, балаларға/мүгедектерге арналған мектеп-интернаттары), қарттар мен мүгедектер үйлерінің контингенті.
Екпе салдырар алдында азамат өзінің учаскелік дәрігерінің тексеруінен өтеді, оның инфекциялық ауру жұқтырғандармен байланыста болған-болмағаны жайлы сұрайды. Дене қызуы өлшеніп, ешқандай қарсы көрсеткіштер болмаса, вакцина салынады. Ақылы негізде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіледі. Ол тұрғындардың өтініші бойынша ерікті түрде жасалады.
Өзіңізге және отбасыңызға қамқор болыңыз! Барлық аудан тұрғындарын, қонақтарды тұмауға қарсы егілуге шақырамыз.
Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз! Тұмауға қарсы вакцина алу бойынша учаскелік дәрігеріңізге хабарлассаңыз болады.
Г.МҰХТАСАРОВА,
аудандық аурухананың эпидемиолог дәрігері.