ТУҒАН ЖЕР

Туған жер, қадiрiңдi бiлер ме едім,
Сен тумасаң, мен өстіп жүрер ме едім?
Балғынымда тәлім алып табиғаттан
Барлығында өзіңнен үйренгенмін.

Туған жер төсіне алыс тартар мықты,
Шарлап-ақ кеткім келедi шалқар көкті.
Менiң де ұлан ғайыр көңiлiм бар
Ен далаңнан үйренгем дархандықты.

Көре-көре боласың көпті көсем,
Мекен болдың талай дана тектiге сен.
Тасты жарып ағардай тiлегiм бар,
Бал бұлағың секiлдi тiлiм шешен.

Емеспiн акындыққа аса мықты,
Сен дегенде шабытым басталыпты.
Адами қасиетiмдi арамдаман,
Суларыңнан үйренгем тазалықты.

Туған жер есімде әлi шоқыларың,
Еркелеп сан аунаған топырағың.
Қатпар-қатпар тауына қарап тұрып,
Өмірдің қиындығын оқығанмын.

Сағынып жүр сол кездi бала батыр,
Құшақ жайып анамдай дала жатыр.
Сағыммен араласып сол далада
Оқушы кез алыстап бара жатыр.