Тіл – таусылмайтын байлық

Тіл – ұлттың тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Сонау ата-бабамыздан  аманат болып қалған ана тілімізді құрметтеу, оны ұрпаққа жеткізу біздің борышымыз. Тілдің құдіреті шексіз, оның ішінде қазақ елінің тілі – қасиетті.

Тілді қорғау мақсатында 1997 жылы 11 шілдеде №151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы қабылданды. Аталған Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.                                                  Тіл өлсе, ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан сіз қандай ұлттын өкілі болмаңыз, тіл үшін күресуге міндеттісіз. Сонымен қатар,  халық үшін өзге тілде сөйлеу  қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.

Өз тіліңізді  сүйе отырып,  өзге тілге құрмет білдіріңіз.

                                                                   Анар Женсикбаева,

аудандық сотының аға сот приставы