Техникалық оңалту құралдарын қайтару тетігі: азаматтар мүддесіне бағытталған тиімді шешім

Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтарды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету жүйесі кезең-кезеңімен жетілдіріліп келеді. Осы жұмыстың маңызды бағыттарының бірі — техникалық оңалту құралдарын қайтару тетігін енгізу және дамыту. Бұл тетік әлеуметтік қолдаудың атаулылығын, тұрақтылығын және тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Техникалық оңалту құралдары — жай ғана бұйымдар емес. Олар азаматтардың қозғалуына, өз бетінше өмір сүруіне және лайықты өмір сапасын қамтамасыз етуге бағытталған нақты құралдар. Арбалар, балдақтар, жүріп-тұруға арналған құралдар, есту аппараттары және т.б. түрлері адамдарға қоғам өміріне белсенді қатысуға, білім алуға, еңбек етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар тәжірибе көрсетіп отырғандай, уақыт өте келе берілген құралдардың бір бөлігі пайдаланылмай қалады. Бұған денсаулық жағдайының өзгеруі, жаңа әрі заманауи құралмен ауыстырылуы немесе өзге де өмірлік жағдайлар себеп болуы мүмкін. Осындай жағдайларда құралдарды қайтару тетігі іске қосылады.
Тетіктің мәні қарапайым әрі түсінікті: егер техникалық құрал пайдаланылмаса, ол мемлекетке қайтарылады. Одан кейін оның техникалық жағдайы бағаланып, қажет болған жағдайда санитарлық өңдеу мен жөндеу жүргізіледі де, басқа мұқтаж азаматқа беріледі.
Бұл тәсіл бірнеше маңызды міндетті шешеді.
Біріншіден, бұл — техникалық оңалту құралдарына мұқтаж азаматтарды күту мерзімі қысқарады. Қайтарылған құралдар арқылы көмек көрсету жеделдейді.
Екіншіден, бюджет қаражатын тиімді пайдалану. Қайта пайдалануға жарамды құралдарды айналымға енгізу мемлекеттік шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, мемлекеттік ресурстарға жауапкершілікпен қарау мәдениеті қалыптасады. Құралдарды қайтару — басқа азаматтарға қолдау көрсетуге қосылған үлес.
Қазіргі кезеңде қайтару тетігі пилоттық режимде енгізілуде. Пилоттық өңірлер ретінде Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы және Павлодар облысы айқындалды. Аталған өңірлерде тетікті сынақтан өткізу ұйымдастырушылық процестерді пысықтауға, рәсімдердің ашықтығын арттыруға және болашақта оны бүкіл ел бойынша кеңінен енгізуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге барлық техникалық оңалту құралдарының түрлері қайтаруға жатпайтынын атап өткен жөн. Жеке дайындалатын бұйымдар, мысалы протездер, пайдаланушының өзінде қалады.
Маңызды жаңалықтардың бірі — Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы филиалдарының базасында әлеуметтік-техникалық сараптама қызметінің құрылуы. Мамандар техникалық құралдардың жай-күйін бағалап, оларды пайдалану кезеңінде алушыларға жан-жақты сүйемелдеу көрсетеді.
Сонымен қатар техникалық оңалту құралдарының жалға беру қоры қалыптастырылады. Бұл азаматтарды жөндеу кезеңінде немесе жаңа құрал жеткізілгенге дейін қажетті құралдармен уақытша қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Яғни, адам қажетті көмексіз қалмайды.Бұл механизмды енгізу техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету жүйесін неғұрлым икемді, ашық әрі адамдардың нақты қажеттіліктеріне бағытталған жүйеге айналдырады деп күтілуде.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ақтөбе облысында техникалық оңалту құралдарының қайтарымды моделі бойынша пилоттық жоба ресми түрде іске қосылды.
Пилоттық жобаның негізгі жаңалықтары:
* Техникалық оңалту құралдары азаматтарға қайтарымды негізде беріледі.
* Құрал істен шыққан жағдайда, жөндеу кезеңіне уақытша пайдалануға дәл сондай техникалық құрал тегін ұсынылады.
* Балаларға арналған техникалық оңалту құралдары олардың бойы мен дене ерекшеліктеріне сәйкес келмеген жағдайда мерзімінен бұрын ауыстырылады
* Құралдарды беру, пайдалану, жөндеу, қайтару және санитарлық өңдеу процестері толықтай цифрлық форматта жүргізіліп, пайдаланушыларға ұсыну.
Пилоттық жоба шеңберінде мүгедектігі бар адамның жеке деректерін өлшеу және тіркеу әлеуметтік-техникалық сараптама (СТЭ) жүргізу кезінде оңалту дәрігерінің оңалтудың техникалық құралдарын жалға беру пунктінде тікелей жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл әр жағдайда қосымша процедуралардан өтпестен техникалық құралдың адамның ағымдағы параметрлері мен қажеттіліктеріне сәйкестігін жедел бағалауға мүмкіндік береді.
Осы жобаны іске асыру шеңберінде:
* Оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарға арналған 3 консультация;
* 2 маман-техникалық сараптама, оның нәтижелері бойынша оңалтудың 2 техникалық құралы іріктеліп, берілді.
* жобаны әлеуметтік желілерде және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық сүйемелдеу қамтамасыз етілді.
Пилоттық жоба бойынша қосымша ақпаратты Ақтөбе қаласы, Бокенбай батыр көшесі, 133/1 («Индустрия инклюзивных услуг «INVAPARK» ҚБ ғимаратында) немесе: +7 (707) 992-94-75 (Айжан Тулюгеновна) телефон байланыс арқылы алуға болады.
Жайна Спанова,
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бас маманы




