Суретті сөйлеткен шеберлер

Қазіргі уақытта шығармашылыққа жаны құмар жастарымыз көбейіп келеді. Осы орайда Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясы ұйымдастырған ІІІ  Республикалық “Арт- Колонок” байқауы өтті.

Байқау биыл Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының  атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына орай  ұйымдастырылған.

“Ұлы Дала барысы — Бейбарыс Сұлтан”  атауымен өткен байқауға аудандық балалар және өнер мектебінің “Киім дизайны” және “ Көркемсурет” бөлімінің оқушылары қатысып,  жүлделі орындарға ие болды.

                                                 

Әрбір өнердің өзіндік құдіреті бөлек. Ал оның ішінде  қыл­қаламмен ақ қағаз бетіне сурет салып, жансыз бейнені тілсіз сөйлеткендей әсем бейнелеу екінің бірінің қолынан келе бермейтін өнер.

Сондықтан да, осындай өнерлерімен көпшілікті таң қалдырып, жүлделі орындарға ие болған бүлдіршіндерімізді атап айтар болсақ, Анель Ержанова (Үйлестіру бойынша) ІІ орынға, ал Инабат Есентаева (Графика бойынша) ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ, Сабина Мухаммеджанова Лауреат дипломмен марапатталды. Өнерлі бүлдіршіндерді дайындаған жетекшілері Нурила Жақсыберген мен Сания Абдрахманова.

Жұлдыз КЕНЖЕ

 

 

 

ТегтерБайқау