Су тасқыны кезеңінде халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге мониторинг жүргізілді
Тұрғындарды қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің аумақтық басқарма мамандарымен су сынамалары алынып, зертханалық тексерістер жүргізілуде.
Бүгінгі таңда су көрсеткіштерінің гигиеналық талаптарға сай келмейтіндігі анықталған жоқ. Облыстағы бес су құбырларына дизенфекциялық жұмыстар жүргізілді. Облыс тұрғындарын таза ауыз сумен қамту Департаменттің бақылауында.
aqtobegazeti.kz