Құрметті қала тұрғындары!

Еліміз бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алды. Қаламыз қашан да өзінің таза қалпымен көз тартатын.

Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыппен өтетіндігін хабарлаймыз.

Видео плейер

➤ 1-ші апта (13 сәуір) – «Таза өлке» деген атаумен өтеді. Тұрғындар, азаматтық қоғам өкілдері, ұйымдар мен кәсіпорындар өз аумақтарын, аулаларын тазалайды.

➤ 2-ші апта (20 сәуір) – «Киелі мекен» тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналады.

➤ 3-ші апта (27 сәуір) – «Жасыл аймақ» күні ағаш көшеттерін отырғызу, екпелерді әктеу ұйымдастырылады.

➤ 4-ші апта (4 мамыр) – «Өнегелі ұрпақ» күні ардагерлер үй-аулалары мен Қарттар үйлерінің аумақтарын жинау және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

➤ 5-ші апта (11 мамыр) – «Мөлдір бұлақ» деп аталатын күні өзендер мен көлдердің айналасын қоқыстан тазарту ұйымдастырылады.

🌱 Осы сенбіде «Таза өлке» атты акцияның бірінші күні басталады. Барлық қала тұрғындарын акцияға белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

Қаламызды бірге көркейтейік!

 t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi