Су басу болған кезде және қауіп-қатер төңгенде тұрғындарға жарнама СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУІП-ҚАТЕР

СУ БАСУ

Көктемгі су тасқыны кезінде аудандық өзен, көл жағаларына орналасқан елді мекендер, шаруашылықтарды су басу қаупі болып тұрады.

  • күшті жауын, қардың тез еруі немесе өзенде сен жүрісі кезінде оның бір орынға жиналып кептелуі себебінен су деңгейінің көтерілуі немесе су қоймасы бөгені кенеттен бұзылуы туғызатын, белгілі аймақтың су астында қалуы.

Өткен жылдардағы көктемгі су тасқыны кезінде орын алған мүлік шығындарына ұшыратқан үй, мал қораларын қиратқан су басу жағдайлары тәжірибелерін ескере отырып мынадай шаралар өткізіледі:

  • су толғандары, бөгеттер, су қоймасы, т.б гидромеханикалық құрылыстар жағдайына тұрақты бақылау жасау;
  • су басу мүмкіндігін тұрақты болжап, оның алдын алу шараларын жедел ұйымдастырып отыру;
  • су қоймасындағы судың жинақталуын қадағалап, реттеп отыру;
  • су қоймалары, табиғи тоғандардың жағаларын, бөгендерді нығайту;
  • су басуы ықтимал орындардан судың өз жолымен ағып кетіп отыруын қамтамассыз ету, ол үшін арықтар, т.б су жүретін жолдарды тазалап отыру;
  • жүзу және құтқару құралдарын даярлау;
  • ауылдық жерлерде, шаруа қожалықтарында азық-түлік, жем-шөп, дәрі-дәрмек қорын мол жинап алу шараларын алу;
  • халық пен малды дер кезінде көшіруге әзір тұру.

Уақыт жеткілікті болған жағдайда қауіпті аймақтағы халық дүние-мүлкімен бірге көшірілшеді. Көшіру су басу аймағынан тыс орналасқан жақын елді мекендерге жүргізіледі. Халық қоғамдық ғимараттарға және жергілікті тұрғындардың үй-жайларына орналастырылады. Кәсіпорындар мен мекемелер су қауіпі төнгенде жұмыс режимін өзгертеді немесе тоқтатады. Мектептер мен балалар бақшасы жұмысын тоқтатады.

Су тасқыны кезінде мынандай қауіпсіздік ережелерін орындау қажет:

 Су тасқыны кезінде, әсіресе ауа райы күрт жылынып, қар тез ери бастаған кезде және сен жүрісі мезгілінде зен жағалауының төмен бөлігінде орналасуға болмайды;

  • өзендердегі үбектерге де орналасу қауіпті, оларды су басуы немесе су айналып өтіп, шығу жолын кесіп тастауы мүмкін;
  • көктемгі мезгілде өзен, бетіндегі мұздың үстімен көлікпен, атпен, кей жағдайда жаяу өтуде қауіпті, мұз бұзылып кетіп суға кетуіңіз әбден мүмкін.
  • Су тасқыны кезінде өзен, су қоймасы жағасында орналасқан саяжайға баруды тоқтата тұру керек;
  • өзен, суларды кез келген, әсіресе өзіңізге белгісіз жерлерден кешіп өту де қауіпсіз емес;
  • су тасқыны кезінде жас балалардың өзен жағасында, шүңқырлар, терең арық, т.с жерлерде ойнауына тиым салыңыздар;
  • су деңгейі түскенше балық аулауды да тоқтата тұру қажет.

Су басу қауіпті туралы хабарды естігенде

  — электр, газ құралдарын, пештегі отты сөндіріңіз;

 — азық-түлік, ақша, құжаттарыңызды жинастырып алып, киініңіз;

                       — үй жануарларын босатып жіберіңіз;

                       — жақын көршілерге хабар беріңіз;

                               — жергілікті төтенше жағдайлар жөніндегі ұйымдары нұсқаған орынға жетіңіз;

— үй астына, т.б төмен орналасқан ғимараттарға    жасырынуға болмайды, керісінше жоғарғы қатарға, шатырға шығу керек.

     Құрметті тұрғын үй және әкімшілік ғимараттардың өкілдері, сондай-ақ жеке тұрғын үйлердің иелері! Ауа райының күрт өзгеруіне және қардың еруіне байланысты, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен жарақаттануға жол бермеу мақсатында Қарғалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі Сізге тиесілі аумақтарда, учаскелерде су тасқынына қарсы іс-шараларды уақытылы жүргізуді ұсынады. Тұрғын үй кешендерінің және әкімшілік ғимараттарының өкілдеріне кіреберістің шатырлары мен маңдайшаларын қар мен мұздан тазартуды, сондай-ақ үй және іргелес аумақтағы жаяу жүргіншілер мен тротуар жолдарын тазартуды ұсынамыз. Жеке меншік сектор тұрғындарына шатырлардан, аулалар мен іргелес аумақтардан қарды тазартуды, кейіннен механикаландырылған тазалау жүргізу үшін жол жиегіне шығаруды ұсынамыз. Аталған іс-шаралар қарды барынша шығаруға және учаскелерді су басу мүмкіндігін азайтуға мүмкіндік береді.

 

Қарғалы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі