Стратегиялық серіктестік және ұлттық мүдде тепе-теңдігі

Тоқаевтың Америкаға сапары – тек экономикалық емес, саяси және стратегиялық тұрғыдан да маңызды оқиға.

Бүгінгі әлемдік жағдайда Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат ұстанып отыр. Біз ешкімге жалтақтамай, өз ұлттық мүддемізге сай, тең дәрежелі серіктестік орнатуға ұмтылып келеміз.

АҚШ – технология, инновация, инвестиция салаларында әлемнің көшбасшысы. Сол елмен жаңа форматтағы әріптестік орнату – біздің тәуелсіз дамуымызға қосымша серпін береді.
Сонымен қатар, бұл сапарда Қазақстанның аймақтық көшбасшылық рөлі де айқындалды: Орталық Азия елдерінің “С5+1” форматындағы кездесуі, энергетикалық және қауіпсіздік мәселелерін талқылау – бұның бәрі біздің елдің беделін арттыра түсті.

Бірақ менің ойымша, ең бастысы – осы серіктестікті жүзеге асыруда ұлттық мүдде бірінші орында қалуы тиіс.
Сондықтан әрбір келісім нақты есепке, экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікке негізделуі қажет.

Егер осындай теңгерім сақталса, бұл сапар Қазақстанды жаңа сапалы даму дәуіріне бастап келеді.

Үмбетхан Сәрсенбин, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің әлеуметтік-саяси пәндер кафедра меңгерушісі