Сот отырысының хатшысы болу маңызды міндет

Сот саласында сот отырысының хатшысының өз орны бар. Бір де бір сот отырысы хатшының қатысуынсыз өтпейді. Қылмыстық, Азаматтық Процестік Кодексіне сәйкес сот отырысының хатшысы сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі функцияны орындамайтын және судьяны алмастырмайтын іс жүргізу тұлғасы болып табылады.

Сот отырысының хатшысы, өз жұмысында жинақы және жауапты, сыпайы болуы керек.

Сот отырысының хатшысы өз қызметінде аудандық және оған теңестірілген сотта іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларын басшылыққа алып жұмыс жасайды.

Сот процесін дұрыс ұйымдастыру, сот құжаттарын, сот отырысының хаттамасын дұрыс, нақты, сауатты жасау сот отырысының хатшысына тікелей байланысты. Сот отырысының хатшысы іс материалдарын сот отырысында қарауға дайындаумен айналысады, хабарламаларды процеске қатысушылар мен тараптарға жібереді. Сонымен қатар, ол процеске қатысушы адамдардың келуін де, қамтамасыз етеді. Бұған қоса ол өзі сот отырысына қатысады және сот отырысының хаттамасын жүргізеді, сот актілерін орындайды, сот істерін заңнама талаптарына сәйкес рәсімдейді, оларды мұрағатқа тапсырады. Сот отырысының хатшыларының жұмысы сырт көзге қарапайым әрі оңай көрінгенімен, аса жауапкершілікті қажет етеді. Сотта қаралатын кез-келген істің өзіндік қиындықтарымен қатар істі өндіріске дайындау сатылары болады. Сот отырысының хатшысының жұмысы күрделі, көп салалы, сөйте тұра қызықты да. Сондықтан судьяның тікелей көмекшісі, сот отырысының ұйымдастырушысы болып табылады.

Қарғалы аудандық сотында әр уақытта сот отырысының хатшысы қызметінде: Сабина Бекмұратқызы Қуанышова қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында, Ұлболсын Абдикапуловна Айтжанова қазіргі уақытта судья қызметінде, Рысты Қуантайқызы Жонисова Ақтөбе қаласының №3 сотының кеңсе меңгерушісі қызметінде жұмыстарын жалғастыруда, қазіргі уақытта Әсемгүл Бисенғалиқызы Кельмагамбетова және Айман Батырбекқызы Файзуллина сот отырысының хатшысы қызметін атқаруда.

Әріптестерімнің еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз.

А.Б.ФАЙЗУЛЛИНА,

Қарғалы аудандық сотының бас маманы,

сот отырысының хатшысы

ТегтерҚызмет