«SARQYRAMA FEST» ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

18 сәуір күні сағат 11:00-де ауданымыздағы Қасқыр сарқырамасында «Sarqyrama Fest» атты туристік фестиваль өтеді.
Шара өңірдің туристік әлеуетін арттырып, табиғи локацияларды танытуға бағытталған.
Фестивальді «Visit Aktobe» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырады.
Бағдарламада фудкорттар, көрмелер, ұлттық стильдегі фотосессиялар, сондай-ақ садақ ату, атпен серуендеу және алтыбақан қарастырылған. Сондай-ақ, алғашқы 30 балаға тегін аквагрим жасалып, кәсіби фотографтар естелік суреттер ұсынады.
Фестивальге кіру тегін. Бұл көктемгі демалысты табиғат аясында өткізіп, өңірдің жаңа туристік бағыттарын тануға мүмкіндік береді.




