ПРЕЗИДЕНТТІК КӨПСАЙЫСТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
12-13 қазан күндері Хромтау қаласында Жазғы Президенттік көпсайыстан облыс чемпионаты өтті.
Бұл жарысқа облысымыздың командаларынан құралған 60-қа жуық спортшылар өзара бақ сынасты. Осылайша, біздің ауданымыздың спортшылары командалық есепте ІІ орын иеленді.
Жекелей есепте жеңімпаз атанған спортшыларымыз: Ксения Шмальц – І орын, Лаура Каиыржанова – І орын, Илья Томчук – ІІ орын, Андрей Мороз – ІІІ орын, Микаэла Парсегова – ІІІ орын, Алина Яковенко – ІІ орын, Екатерина Павелко – ІІІ орын.
Қарғалы-АҚПАРАТ