Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде өткен БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасына (СПЕКА) қатысушы мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысты.

Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде өткен БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасына (СПЕКА) қатысушы мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысты.

Жиын барысында аймақ елдерінің көшбасшылары сауда, көлік, энергетика, экология салаларын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы СПЕКА саммиті аясында Euronews телеарнасының тілшісі Галина Полонскаяға сұхбат берді. Президент Қазақстанның өз экономикасын декарбонизациялау және әртараптандыру жөніндегі жоспары, елімізде энергетикалық теңгерімді сақтай отырып, экологияны қорғау мақсатында қабылданып жатқан шаралар, соның ішінде көмірді пайдалану көлемін біртіндеп азайту мәселесі туралы айтты.

Қазақстанның экономикалық әлеуеті және өңір елдерінің экономикалық байланыстарын дамыту жөніндегі Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңейтілген сұхбатын Euronews телеарнасы осы аптада эфирден көрсетуді жоспарлап отыр.

 

ТегтерСұхбат