Өзекті өртер шындық

   Еліміз тәуелсіздік алғалы архивтерде сарғайып, шаңбасқан тарихи құжаттар парақталып, ақиқатқа көз жетізіп,  өзекті өртеген шындықты айта бастадық. Солай десекте құпия сандықты аша түсу үшін тарихшылар әлі талай тер төгуі қажет.

1997 жылдың 31 мамыры —  саяси қуғын — сүргін құрбандарын еске алу күні болып  белгіленді. Еліміз осы күнді тағзым күні деп, жазықсыз жапа шеккендерді еске алады.

Қуғын-сүргіннің түп төркіні саяси қудалау 1930-1937 жылдарда жатыр. Ол кездер саяси қудалаудан қазақтың талай арыстары жазықсыз жапа шеккен қиямет кезең болды. Біздің айтпағымыз Ұлы Отан соғысы кездерінде  Сталиндік саясат ел шетіне неміс басқыншылары жақындаған тұста сақтық шарасымен депортацияланғандар, яғни түрлі дәлелдермен мәжбүрлеп көшірілгендер жайында қысқаша  сөз етпекпіз.

Осындай тарихи көші-қоннан біздің Ақтөбе өңіріне қоныс аударылғандар да болды. Аты зорлық — зомбылықпен артта қалған «Гулаг» лагері 23 құзғындық лагерь апанымен жасақталса, 24-ші еңбек лагеріне жер аударғандар Бадамшаға әкелінген. Кемпірсай ауылына бірінші топпен 1941 жылдың күз айында украин, неміс ұлт өкілдері әкелініп, еңбекке кірісіп, Бадамшаның алғаш ірге тасын қалап, күллі кеңес одағына мәлім болған Кемпірсай кен орыны жұмыс жасай бастайды.

1941-1942 жылдары 2550 адам көшіріп әкелінсе, қиындықпен қысқа шыдамай 700 адам қаза болған. Кейіннен екінші топпен 1943 жылдың жаз айларында 1036 адам тағы келген. Сталиндік саясат  маңдайлы қазақ елінде азап көрсін деген көшіп келген ұлт өкілдері жерінің кеңдігіндей, пейілі кең, қазақ халқымен татулықтары жарасып, Бадамшаны қаладай жайнатып, Кемпірсай кен орынын әлемге танытып, оқ жасауға өнімдерін жібере бастады.     Әрине, бәрі оңай болған жоқ. Қақаған қыста палаткаларда жатып, бірнеше метр төменнен жер бетіне қол арбамен  кен алар қиыршық тастар тасылды, талай тер төгілді. Сол азапты күннің белгісіндей жал-жал төбелер, бірнеше метр тереңдіктегі қазан шұңқырлар, жергілікті тұрғындармен бірлесе жүріп, өткен азапты жылдардың куәсіндей әлі тұр.

Бүгінгі таңда ауданда 17 ұлт өкілдері тұрады десек, Неміс, Украин, Беларусь т.б.  қазақпен құдандалы, ағайын-бауырдай күн кешуде. Қилы заманда табысқан ұлт өкілдерінің  ата-бабалары өсіп-өнген Отанына оралғандары Қарғалы өңірінде қалған қазақ құрбыларына  сағынышты сәлем жолдап, хабарласып тұрса, ересектер жағы екінші Отаны болған Қарғалы өңірін көздері жасаурап еске алғандарының куәсі болып жүрміз.

Көшіріп әкелінді демесек, елімізді дамытуға қосқан үлестері зор болды. Қазақ жерінде өскен ұрпақтардың алды 83 жастан асып кетті. Бүгінгі таңда ауданда өсіп-өніп,  еңбек етіп жатқан кезінде көшіп келгендері бүгінде ағайындай болған ұлт өкілдері Қазақстанды «Отаным», «Қарғалы қара шаңырағым» деп құрмет  тұтады.

«Аштықта жеген құйқаңды, тоқтықта ұмытпа» дегенді берік ұстаған өзге ұлт өкілдері  қазақ халқына алғыс айтып,  ризашылық білдіруден кенде емес. (Мәліметтер аудандық өлкетану музейінен алынды)

Бақыт ИМАШЕВ

ТегтерТАҒЗЫМ