Өткен жылға өкпе жоқ
Келген жаңа жыл басында ауылдың төл тумасы, аталмыш өңірдің ұлы Асылбек Биманбаев әкім болғалы 10 жыл. Осы жылдар аралығындағы тағы бір өтіп бара жатқан жылдағы ауыл тынысы жайында сөз етпекпіз.
Ресеймен іргелес жатқан ауылдық округтің өңірін Ақтөбе-Орскі тас жолымен темір жол кесіп өтеді. Ауылдық округтің жер көлемі 44,7 мың гектар алқапты алып жатыр. Біз сөз еткелі отырған ауылдық округке қарасты орталығы Ащылысайда 989 тұрғын, Ресей елінің Орскі ауданының ауылдарымен аралас-құралас отырған Бозтөбе ауылында 264, Преображенов ауылында 116, кезіндегі Ресеймен Қазақстанды жалғап жатқан Ащылысай темір жол стансасы Ақкөл деп аталып, ал бұл ауылда 131 тұрғын мекен етеді. Жалпы округтегі тұрғындар саны — 1500 адам.
Ендеше, сөзіміз сөз бұйдаға салынбас үшін, ауылдағы үш ауылда көгілдір отыннан басқа толық жағдай жасалған. Ауылдық округ орталығы Ащылысай өткен 2022жылдан бастап, көгілдір отынның қызығын көріп келеді. Ауылда күнделікте не керектің бәрі бар деуге болады. Ауыл ішілік жолдар тегістеліп, көшелерде жарық шамдары жарқырап,түнде мен мұндалап тұрады. Ауылдық округте 3 ЖШС, 20 шаруа қожалығы, 47 жеке кәсіпкер бар.
Осы орайда «Ауыл аманаты» бағдарламасына 13 адам қатысып, еңбектерінің жемісін көруде. Ауылдық округте көпшілікке атауымен етене таныс, яғни Ақтөбе қаласы мен көрші аудандар және де көршілес Орскі жұртшылығының демалыс орынына айналған «Қасқыр сарқырамасыда» осы жерде орналасқан.
Сондай-ақ, 2021 жылдан бастап «Байқұла» шаруа қожалығы қолға алып, шағын түрлі демалыс орындарын ашып, сарқыраманы күзге дейін қолдан суға толтырып, келушілерді қызықтыра бастағанының арқасында, қоян жылының жазында келушілер саныда артты.
Келер жылы жолды жөндеп, демалушыларға заманауи талапқа сай демалыс орынына айналдыруды жетілдіру үстінде. Бұл округ аудандағы туризмді дамытуға бірден бір үлес қосып отыр деуге де болады.Округте әлеуметтік нысандарда жұмыс жасауда. Сонымен қатар, бір орта, бір негізгі мектеп, Ащылысай ауылында емхана, қалған ауылдарда медициналық пункттер жедел жәрдем көліктерімен жұмыс жасайды. Ащылысай ауылында ауылдық клуб, кітапхана тұрғындарға қызмет етеді. Қазпошта бөлімшесі Beeline, Altel байланыс желісіне қосылған.
Әр ауылдың қайырқом жанашыр жандары болады десек,жолдың ашығы мен тазалығына Бозтөбе ауылында еңбек етіп жатқан «Көктас» ЖШС-і жазы-қысы жолды ұстап тұтуға қол ұшын беріп, тас төсеп, тегістеп, қыста қардан тазалап, ауыл тұрғындарының қысы-жазы жол жүруіне тұрақты жағдай жасауда. Ауыл балаларының қамын ойлаған «Степной» ЖШС-і мен «Рассвет» шаруа қожалығы жылдар бойы,мектеп оқушыларын жылда тегін тамақпен қамтамасыз етіп келеді. Ауыл тазалығы мен Ашылысайдағы саябақтың жайнап тұруын міндеттеріне алған «Байқұла» ШҚ жылда мінсіз еңбек етіп, ауыл жұртшылығын тазалық айлығына бір адамдай жұмылдырып, бар көмегін беруді мойындарына алған. Бұл жерде басқалары қол қусырып отырады деуден аулақпыз.Ауылдағы іс-шаралар көпшілікпен атқарылып, әрдайым ардагерлер қолдап, мектеп оқушыларына дейін жұмылғанның жемісін көріп отырған үлгілі ауылдардың бірі. Жалпы әр жыл өз несібесін ала келеді. Ащылысайлықтарда шаруасы тындырымды, айналасы жинақы. Әр жылғы үлестен қалмай, ауданның дамуына да белсенділікпен еңбек етіп келеді. Ауыл тұрғындары да өткен жылға ризашылықтарын білдіріп, келер жылдардағы жақсылықтан үміт үзбейді.
Бақыт ИМАШЕВ