ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНА 30 ЖЫЛ ТОЛДЫ

Елдегі саяси реформалардың бірден бір куәгері орталық сайлау комиссиясына 30  жыл толды. Осыған орай 20 желтоқсан күні аудан әкімі Асқар Жүсібалиевтің төрағалығымен ҚР Орталық Сайлау комиссиясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

         Жиынды аудан басшысы ашып, барлық қатысушыларды Орталық Сайлау комиссиясының 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, Тәуелсіздік алған жылдары Орталық Сайлау комиссиясы құрылып, бүгінгі уақыт аралығында жетілдіріліп, даму жолынан өткендігіне тоқталды.

          Сонымен қатар, «Тәуелсіздік жылдарындағы ҚР сайлау жүйесінің тарихы» тақырыбында аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Найля  Қожақова баяндама жасап, еліміздегі сайлау жүйесі мен құқығы жайында кеңінен ақпараттар берді.

      Жиын соңында ҚР Орталық Сайлау комиссиясы атынан және аудан әкімі атынан өлкеміздің  саяси шараларына белсене араласып жүрген бірқатар азаматтар мен азаматшаларға Алғыс хаттар табысталды.

         Марапатталғандар қатарында мен аудандық сайлау комиссиясының мүшесі Александр Вернигор Бозтөбе ауылының учаскелік сайлау комиссиясының  төрағасы Клайкан Мухамеджанова Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек  Жүсіповтің  Алғыс хатымен марапатталды.         

         Осылайша, шара соңында Шәмші Қалдаяқов ауылының учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Серикбай Жаманшалов пен ҚосЕстек учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ертай Аманжолов аудан әкімі мен аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына ризашылықтарын білдіріп, жүктелген сенімге әрқашан жауапкершілікпен қарайтындарын жеткізді. Және де барша комиссия мүшелеріне алдағы уақытта да сайлаудағы жүйелі жұмыстарына сәттілік пен толағай табыстар тіледі.

Гүлжазира МЫРЗАБЕКОВА