ӨРТ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢ: САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Ауданда күннің ысуына және құрғақ ауа райына байланысты өрт қауіпті кезең жарияланды. Бұл кезеңдегі басты қауіп — табиғи өрттердің туындауы, көбінесе адам кінәсінен болады.

         Тұрғындарға ескертіледі:

Қатаң тыйым салынады:

– Орманда немесе ашық жерде от жағуға;

– Құрғақ шөп пен қоқысты өртеуге;

– Сөндірілмеген темекі мен сіріңке тастауға;

– Шыны бөтелкелер мен от тудыратын заттарды қалдыруға.

Ұсынылады:

– Аумақты құрғақ шөп пен қоқыстан тазарту;

– Жанында суы бар өрт сөндіру құралдарын ұстау (су, құм, күрек);

– Өрт ошақтарын байқасаңыз — 101 немесе 112 нөміріне хабарлау.

Мал азығын дайындау мен сақтау кезінде өрттен сақтану ережелері:

– Скирд, егістік, қойма маңында от жағуға болмайды;

– Шөп пен сабанды ғимараттардан кемінде 50 метр қашықтықта сақтау қажет;

– Шөп жиналатын аумақ құрғақ шөп пен қоқыстан тазартылуы тиіс;

– Темекі шегуге және от пайдалануға болмайды;

– Шөп тек жел өтетін, ашық жерлерде жиналуы тиіс;

– Міндетті түрде өрт сөндіру құралдары болуы керек (су құйылған бөшке, күрек, өрт сөндіргіш).

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН:

ҚР ӘҚБтК 336-бабына сәйкес өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салынады:

АЙЫППҰЛ МӨЛШЕРІ:

– Жеке тұлғаларға — 20 АЕК немесе 78 640 теңге;

– Лауазымды тұлғаларға — 50 АЕК немесе 196 600 теңге;

– ШОБ және коммерциялық емес ұйымдарға — 200 АЕК немесе 786 400 теңге;

– Орта бизнеске — 300 АЕК немесе 1 179 600 теңге;

– Ірі бизнеске — 500 АЕК немесе 1 966 000 теңге.

Өрт — бұл өмірге, табиғатқа және мүлікке қауіп. Сақ болыңыздар, қауіпсіздік шараларын ұстаныңыздар!

Қарғалы ауданының ТЖБ