Олимпиада жүлдегерлері марапатталды

25 қаңтар күні аудан әкімі Асқар Жүсібалиев 2023-2024 оқу жылында 9-11 класс оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндердің жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша өткізілген республикалық олимпиаданың облыстық кезең жүлдегерлерімен және білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесті.

Кездесуде аудан басшысы сөз сөйлеп, ауданымыздағы білім сапасына тоқталып және де республикалық пән олимпиадасында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мен ұстаздарға ризашылығын білдірді. Бұл әрине пән мұғалімдері мен оқушылардың  табанды еңбектерінің нәтижесі екендігін атап өтті.

Айта кететін болсақ, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жақсы нәтиже көрсетіп, «Үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша біздің ауданымыздың оқушылары жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Республикалық білім додасының облыстық кезеңінде жүлделі орын алып, аудан әкімінің алғыс хатымен Әлімбет орта мектеп-балабақшасының 11 сынып оқушысы — Никита Игонин мен 9 сынып оқушысы Арина Бугаенко, Сазды орта мектебінің 10 сынып оқушысы — Құлпынай Нұрланқызы мен 11 сынып оқушысы — Олег Заверталюк, №2 Бадамша орта мектебінің 10 сынып оқушылары — Жансерік Қалдыбаев пен Әділет Айнадинов, 11 сынып оқушысы Тоқсұлу Ниетуллаева, В.И.Пацаев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Махаббат Оралбаева және де Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасының 11 сынып оқушысы — Алихан Асылхан мен Илья Кашапов, 10 сынып оқушылары Альбина Досмагамбетова мен Алибек Қазмағамбетов  марапатталды.  Бұл ауданымызбен қатар облысымыз үшін зор мәртебе.
Кездесу соңында аудан басшысы мектеп директорлары мен  пән мұғалімдеріне және де олимпиада жеңімпаздарына алдағы уақытта да сәттілік тіледі.

Қарғалы-АҚПАРАТ

ТегтерБілім