ОҚУШЫЛАР МУЗЕЙГЕ САЯХАТ ЖАСАДЫ

ОҚУШЫЛАР МУЗЕЙГЕ САЯХАТ ЖАСАДЫ

Аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлттың ұлы тұлғасы» айдарымен ашық есік күні өтті.

Қазақтың төл шежіресін, жеті атасы мен өлке тарихын білуді оқушылар санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара барысында №2 Бадамша орта мектебінің оқушылары музейге саяхат жасап, мұндағы көне жәдігерлермен танысып, өлке тарихына қанықты.

Ашық есік күні аясында аудандық тарихи-өлкетану музейінде ауданымыздағы еңбек ардагері Зинелғабдин Дербиспаевтың әкесі Құспан Дербиспаевқа экспозиция залынан көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Құспан атаның әскери билеті, «Еңбек ардагері» атты медалінің куәлігі, туу туралы куәлігі, әскери билетке есепке алу қызметтік карточкасы, еңбек кітапшасы, 1979 жылғы «Социалистік жарыстың жеңімпазы» атты куәлігі мен суреті қойылды.

Шара қатысушыларына музей қызметкерлері тақырыптық-экспозициялық залдар бойынша экскурсиялар жүргізіп, экспонаттар мен тарихи құнды материалдар туралы мағлұмат берді. Өз кезегінде музей тамашалаған қонақтар да ризашылықтарын білдірді.