Облыстық дәрігерлер ауданда болды

Бүгінгі таңда ана мен бала денсаулығына қатысты жағдайлар қазіргі таңдағы өзекті  мәселелердің қатарында. Осы орайда облыстық мамандар ауылдарға жиі ат басын бұруда. Сол бағыт-бағдарға сәйкес, өткен аптаның   бейсенбісі мен жұма күндері бала денсаулығына жауапты облыстық мамандар біздің ауданымызға іс сапармен келген еді.

Іс сапар аясында арнайы келген ақ халаттылар арасында Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасының  балалалар кардиологі Оксана  Демитурк пен УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу) дәрігері Нұрзада Ерназарова бар. Олар  аудан орталығындағы балалар дәрігерлерімен жүздесіп, ауданға қарасты  бірқатар елді-мекендерде де болып қайтты.

Атап айтқанда,  Петропавл ауылында-16, Ш.Қалдаяқов-18, Қосестекте -22, Ащылысайда-23, Әлімбет ауылындағы-2 баланының денсаулығына  тексеріс жұмыстарын жүргізді. Жалпы алғанда  өздері арнайы барған ауылдық округтегі 81 балаға дәрігерлік кеңестерін беріп, ата-аналармен де пікірлесті.        Осылайша, шалғай ауылдардан оралған мамандар аудандық ауруханада қасиетті жұма күні таңнан кешке дейін 10, 11 кабинеттерде қабылдау жүргізіп, аудан орталығының өзінен  60-тан аса баланы  тексерістен  өткізіп, ата-аналарға кеңестерін берді. Дәрігерлердің бақылауынан өтіп, олардан кеңес алған бүлдіршіндердің ата-аналары да алғыстарын айтып, еңбектеріне табыс тіледі. Сондай-ақ, қасиетті Рамазан айындағы балаларға көрсеткен қайырымдылықтары мен қамқорлықтары үшін  шынайы жылы лебіздерін білдіріп жатты.

         Бақыт ИМАШЕВ

ТегтерДенсаулық