ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНҒА КЕЛДІ  

   25 шілде күні Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов жұмыс сапарымен ауданымызға  келді.

Сапар аясында жергілікті кәсіпорындардың жұмысымен, әлеуметтік нысандар құрылысының барысымен және де инфрақұрылымдық жобалардың дамуымен танысты.

Оған қоса экотуризм саласындағы жобаларға, денсаулық сақтау және білім беру объектілерінің құрылысына ерекше назар аударып, аталмыш нысандардың ғимараттарын аралады.

Сонымен қатар, іссапар барысында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары ауыл тұрғындарымен кездесу жиынын өткізді. Кездесуде жергілікті тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер назарға алынып, барлық айтылған ұсыныс-пікірлердің шешілу жолдары қарастырылып, олардың дер кезінде орындалуы бақылауға алынатынын айтты.

Қарғалы-АҚПАРАТ