Мемлекеттік тілге деген қажеттілік арта түседі

Мемлекеттік тілді еліміздің әр азаматы өз бетімен үйренуге, таза сөйлеп, жазуға, өмірде қолдануға құлықты болуы үшін алдымен қажеттілік болуы керек. Сонда ғана қазақ тілін шын мәніндегі мемлекеттік тілге, еліміздегі ұлтаралық қатынас тіліне айналдыруға мүмкіндік бар. Ал ол қажеттілікті туғызудың бірнеше жолдары бар.
Біріншісі, заңмен міндеттеу, бақылауды күшейту. Екіншісі, әр азаматтың тілді үйренуге деген құлшынысын ояту, жағдай туғызу күн сайын және тоқтаусыз жүргізілетін жұмыс.
Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту, тілдің қолданылу аясын арттыруға күш салу.
Тіл саясаты – ұлт болашағы екенін ұмытпайық.
Г.БИЖАНОВА,
аудандық сот әкімшісінің басшысы




