МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ОҢ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау бойынша мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметкерлердің қызметі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық үрдістерді реттеуге, мемлекеттің бір тұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін жүзеге асыруға икемделген.
Мемлекеттік қызметкердің оң беделін қалыптастыру үрдісі атқарушы биліктің имидждік саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттік қызметтің позитивтік имиджіне ұсынылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп Кодексінде белгіленген, онда былай делінген: «Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды». Мемлекеттік қызметкердің оң имиджін қалыптастыру – қиын және ұзақ үрдіс. Мемлекеттік қызметкердің жұмысы мен өзін-өзі ұстауы баршаға анық. Оның беделі – бұл мемлекет беделінің бір бөлігі. Мемлекеттік қызметкерлердің және жалпы биліктегі мемлекеттік органдардың барлық басшыларының жұмысына қарап халық билікке, оның қарапайым халыққа деген көз-қарасына баға береді. Осыдан мемлекеттік қызметкерлердің иығына жүктелген үлкен жауапкершілікті байқауға болады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүддесін іске асыруға арналған. Мемлекеттік қызмет үшін имидждің функционалдық және мәртебелік мәні бар. Ол халықтың оған деген сенімінің көрсеткіші және мемлекет жүргізіп отырған басқару қызметтерін қайта құрудың тиімділігін қоғаммен бағалануының өлшемі болып табылады. Ол мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және күтімдеріне сәйкестігінің дәрежесін бекітеді. Осының салдарынан, имидж азаматтардың мемлекеттік билік органдарына қатынасы бойынша мінезінің болашағын айтарлықтай шамада төмендетеді, мемлекеттік қызметті және оны қалыптастыру бағдарламасын қоғамдық қолдау дәрежесін анықтайды.
Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекеттің тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігі мен моралдық-этикалық келбетіне үлкен талаптар қойылады. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметші — мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметкерлердің имиджін көтеру мәселелеріне мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру және нығайтуда мемлекеттік жүйе дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметші адал, әділ, қарапайым болуы, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауы, азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы қажет. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындығын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятындығын есте сақтауы қажет.
Мемлекеттік қызметші болу — үлкен абырой. Қоғамда мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін кәсіби қызметіне жұмсайды, өз елінің дамуына қалтқысыз қызмет етіп, ел өркендеуіне үлесін қосады. Мемлекеттік қызметшілердің өзін әдеп нормаларына сай, дұрыс ұстап жүруі және өз міндеттерін адал атқаруы қоғамның жалпы ахуалының, жемқорлық деңгейінің және тағы басқа да жағдаяттардың индикаторы іспетті. Мемлекеттік қызметшілерге қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіргендіктен бұл сенімді ақтау өте маңызды.
Ж.ИМАНГАЛИЕВА,
Қарғалы ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі