Мемлекеттік қызмет – мерейлі міндет

 Мемлекеттік қызметші-мемлекеттік биліктің айнасы. Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Себебі, елдің ертеңі соларға байланысты. Бір сөзбен айтқанда, олар билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналуы тиіс.

Әрбір мемлекеттің даму жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлесі зор. Өйткені, еліміздегі саяси-экономикалық жағдайдың тұрақтылығы мен қоғамдық қатынастардың қалыптасуы мемлекеттік қызметке тікелей байланысты. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс. Жалпы мемлекеттік қызметшілер қарапайым халықпен етене жұмыс істейтін, халыққа ең жақын адамдар болып табылады.

Мемлекеттік қызмет-мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды тетіктерінің бірі десек, қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты оңтайлы орнатып, мемлекеттік саясаттың өміршеңдігін дәлелдеу, билікке деген сенімділік-мемлекеттік қызметшіден басталатынын атап өткен жөн.

Қарғалы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қызметшілерінің сапалық құрамы туралы айтатын болсақ, ауданымызда 96 мемлекеттік қызметшілердің штаты бар. Бүгінгі күні 90 мемлекеттік қызметші қызмет атқаруда,  6 бос лауазым бар, оның ішінде 4-і тұрақты бос орын, 2-і уақытша декреттік демалыста. Ауданымызға қазіргі таңда есепші (бухгалтер) мамандар жетіспеуде. Жалпы бұл мәселе барлық өңірлерде де орын алуда. Есепші мамандығы бойынша оқу орнын бітірген түлектерді және есепші мамандығы бойынша жұмыс жасағысы келетін үміткерлерді мемлекеттік қызметке  шақырамыз.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ақтөбе облысы бойынша филиалында 2023 жылдың қайта даярлау және біліктілігін арттыру семинарының жоспары бойынша жалпы 35 мемлекеттік қызметшілер оқу керек болса, бүгінгі күнге жоспарға сай мемлекеттік қызметшілер  толығымен дәріс тыңдап, сертификат алып шықты. Оқу барысында мемлекеттік қызметшілерге ортада сөйлеу дағдысын қалыптастыру, халықпен тиімді жұмыс жасау, халық алдындағы жауапкершілік, мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен біліктілік шеберліктерін қалыптастыру бойынша дәрістер берілді.

Мемлекеттік қызметші болу-бұл үлкен абырой мен міндет. Көп нәрсе оның кәсіби біліктілігіне, жедел түрде ой қорытып, қандай да бір мәселелерді шешу жауапкершілігін өз мойнына ала білу дағдысын игергендігіне байланысты. Кез келген деңгейдегі мемлекеттік қызметші лауазымы басқа тұрғысымен салыстырғанда мейлінше жоғары. Бұл-өзін-өзі жетілдірудің тұрақты жағдайы.  Адам құндылығына қызмет ету қашан да мерейлі міндет екенін ескерсек, өз тағдырын сеніп тапсырып, кәсіби шеберлік пен біліктілігімізге сенім артқан жандардың көңілінен шығу қашан да қиын .

Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді. Сондықтан, мемлекеттік қызметтегі әр адам өз жұмысының маңыздылығын сезінуі тиіс.

Президент Жарлығымен 2013 жылы 23 маусым Қазақстанда Мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді. 2014 жылдан бастап бұл күн кәсіби мереке ретінде атап өтіле бастады. Осы кәсіби мереке қарсаңында барша мемлекеттік қызметшілерге қызметте табыс тілеймін.

Ж.ИМАНГАЛИЕВА,

аудан әкімі аппараты персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы,

   әдеп жөніндегі уәкіл

ТегтерҚызмет