МӘМС – СЕНІҢ СЕНІМДІ ҚОРҒАНЫҢ

Қазіргі таңда халықтың денсаулығын қорғау – мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта елімізде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі табысты жүзеге асырылып келеді. Бұл жүйе әр азаматқа қажетті медициналық көмекті уақтылы әрі сапалы алуға мүмкіндік береді. МӘМС – бұл күтпеген жағдайлардан қорғайтын сенімді әлеуметтік тетік.Сақтандырылған азаматтар дәрігерлердің консультациясын, диагностикалық тексерулерді, зертханалық талдауларды, жоспарлы емдеуді, сондай-ақ стационарлық және күндізгі стационарлық көмекті қосымша төлемсіз ала алады. Қымбат медициналық қызметтердің қолжетімді болуы – жүйенің басты артықшылықтарының бірі.
2024 жылғы 2 қыркүйектегі жолдауында Мемлекет басшысы бюджет мүмкіндіктері мен азаматтардың қажеттіліктері бойынша теңдестірілген базалық мемлекеттік медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыруды тапсырды. Сол тапсырмаға сәйкес, 2026 жылдан бастап медициналық көмектің бірыңғай пакетіне кезең-кезеңімен көшу басталады:
Жаңа өзгерістер аясында ТМККК мен МӘМС-ті нақты ажырату, қызметтердің қайталануын болдырмау, аурулардың ерте профилактикасының қолжетімділігі, МӘМС мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін онкологиялық ауруларды анықтауға арналған скринингтер, әлеуметтік мәні бар ауруларға күдік туындаған жағдайда тегін зерттеп-қараулар, ресурстарды қайта бөлу арқылы жүйенің қаржылық тұрақтылығы және нақты сақтандыру моделіне жақындау.
Бүгінгі таңда ТМККК шеңберінде диагностика тек туберкулез және АИТВ инфекциясы бойынша, қалған әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау МӘМС шеңберінде жүргізілетінін атап өту маңызды. Айта кетсек, қаржыландыруды оңтайландыру және қайталануды болдырмау мақсатында 4 ауру – балалардың церебральды сал ауруы, ревматизм, дәнекер тінінің жүйелі зақымдануы және қант диабеті – МӘМС жүйесі арқылы қаржыландырады.
Сақтандырылмаған жағдайда көптеген медициналық қызметтер ақылы түрде көрсетіледі. Бұл азаматқа қаржылық қиындық туғызып қана қоймай, емделуді кейінге қалдыруға себеп болуы мүмкін. Ал уақытылы көрсетілмеген медициналық көмек аурудың асқынуына әкелетіні белгілі.
Д. Е САНАТЫНДАҒЫ АДАМДАР МӘМС ШЕҢБЕРІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛАДЫ
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі бірқатар негізгі жаңалықтарды көздейтін заң қабылданды.
Қабылданған заң шеңберінде 2026 жылы МӘМС жүйесі жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен дағдарысты және шұғыл әл-ауқат деңгейі (Д және Е санаттары) бар азаматтарды қамтитын болады.
МӘМС жүйесіне әлі кірмеген еңбекке қабілетті азаматтар үшін Айына 4250 теңге немесе жылына 51 000 теңге қаржылық жағынан қолжетімді болып қалады.
МӘМС – сенің денсаулығыңды қорғайтын сенімді қорған!
Гүлжанат Куспанова,
Қарғалы аудандық ауруханасының дәрігер-статисті




