Құрылтай атауының өзі көп нәрсені аңғартады

Жазира АЙТМАГАМБЕТОВА,
аудандық жастар кеңесі мүшесі
Тарихымызда құрылтайлар маңызды шешімдер қабылданатын, ел тағдыры талқыланатын үлкен жиын болған. Бүгін бұл атаудың жаңа мазмұнмен қайта қолданылып жатқанының өзіндік мәні бар деп ойлаймын.
Әрине, қазіргі саяси жүйе мен тарихи кезең әртүрлі. Бірақ негізгі идея өзгермейді – халықтың пікірін ескеру және қоғамның мүддесін білдіретін өкілді орган қалыптастыру.
Сондықтан алдағы сайлау – тек рәсім емес. Бұл – жаңа институттың қалай жұмыс істейтініне әсер ететін маңызды кезең.
Осындай сәттерде әр азаматтың белсенділігі ерекше рөл атқарады.




