ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕН АҚ ХАЛАТТЫЛАР

Жыл сайын 12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күні әлемнің көптеген елдерінде кең көлемде атап өтіліп келеді.

Бұл күн – мейірім мен жауапкершіліктің жүгін қатар арқалаған ақ халатты абзал жандардың еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі. Атаулы мереке ағылшын мейірбикесі, заманауи мейірбике ісінің негізін қалаушы Флоренс Найтингейлдің туған күніне орай бекітілген.

Осы айтулы, жан шуағын шашқан ақ халаттылар мерекесіне орай облыста бүгін өткен салтанатты жиынға біздің ауданымыздағы медицина саласының мамандары    қатысып, еңбектері еленіп, көңілдері жадырап, мерейленіп қайтты.

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың Алғыс хатымен аудандық аурухананың статистика маманы Жанбота Әлжанова, Ақтөбе облыстық мәслихатының төрайымы Гүлқасима Сүйінтаеваның Алғыс хатымен Эльмира Какенова, ҚР «Қызыл Ай» Ақтөбе филиалының директоры Нұрлан Үдербайдың Алғыс хатымен Ольга Опалетенко марапатталды.

Біз де жан шуағын серік еткен мейірбикелер қауымына қашанда құрмет биігінде болып, ел саулығы жолындағы еселі еңбектеріңіз елене берсін деген тілекпен, еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, биіктен көріне беріңіздер деген ақ тілегімізді жеткіземіз!

Бақыт ИМАШЕВ

ТегтерМарапат