КҮН ТӘРТІБІНДЕ — МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР

  Өткен аптаның бейсенбісінде аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

         Жиынды кеңес төрайымы Жаңылсын Ысмағұлова  ашып, кеңестің күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Отырысқа аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев, кеңес мүшелері мен мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын вакцинациялау мен ауыл шаруашылығы жануарларын мәжбүрлі союдан кейін сатып алу бағасы туралы (санитарлық мал) мәселелері бойынша аудандық ветеринариялық станциясының басшысы Жұмабай Құбаев пен аудандық ветеринариялық инспекциясының басшысы Ерлан Қуанышов, екінші мәселе бойынша аудан орталығының аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жайында Бадамша ауылдық округінің әкімі Ернар Дабилдин, үшінші мәселе бойынша Бадамша ауылдық округі аумағындағы қиыршық тас карьерлерінің тиеу терминалдары мен ауыр жүк машиналары үшін айналма жолдарды салу туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,  жолаушылар  көлігі  және  автомобиль жолдары  бөлімінің  басшысы   Азамат Өтегенов хабарламалар жасап, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Кеңес мүшелері қаралған мәселелерді талқылай отырып, өз ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы ветеринария саласындағы мәселелердің алдын алу, аудан орталығы аумағын абаттандыру мен тазалау жұмыстарын одан әрі жандандыру, сондай-ақ, округ аумағындағы қиыршық тас карьерлерінің тиеу терминалдары мен ауыр жүк машиналары үшін айналма жолдарды салу мәселелері де күн тәртібінен түспей келе жатқандығы жасырын емес. Осы орайда бұл мәселелердің де шешім табуы туралы пікірлер ортаға салынды.

Отырысты кеңес төрайымы қорытындылап, айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша қаулы қабылдап, мәселелердің шешім табуы мен жоспарлардың орындалуына бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Қарғалы-АҚПАРАТ