ҚОЯН ЖЫЛЫНДАҒЫ ҚОНЫСТОЙ
Күзде Петропавл ауылында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында екі пәтерлі үш үй бой көтерген болатын. Аудан әкімі Асқар Жүсiбалиев жаңа үйлердің кілттерін көпбалалы, жалғызбасты және мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған 6 отбасыға табыс етті.
Жаңа жыл қарсаңында мемлекет тарапынан осындай үлкен құрмет көрсетіліп отырғанына қуанған жаңа пәтер иелері жүрек жарды лебіздерін айтып, облыс және аудан басшыларына алғыстарын жаудырды. Осылайша алты отбасы жаңа жылда жаңа үйге көшіп, қоныстойларын тойламақ.
Бақыт ИМАШЕВ.