ҚОС ШӘКІРТ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

  Ел өркениеті қашанда жастардың білім деңгейімен өлшенеді. Олай болса, ауданымыздағы білім саласы тағы бір нәтижелі жетістікпен толықты.

         16 мамыр күні еліміздің бас қаласы Астанада Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасы «Bilim-orkenieti» ұлттық, инновациялык, ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен “ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА АВТОРЫ” атты республикалық ғылыми жобалар байқауы өтті.

Ғалымның мол мұрасын жасөспірімдерге насихаттау, білім алушылардың ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізілген байқауға №2 Бадамша орта мектебінің  2 «А» сынып оқушысы Кәусар Абзалова мен 2 «Б» сынып оқушысы Айсұлтан Жақсыберген қатысып, нәтижесінде екеуі де үздік жоба қорғап, жүлдемен оралды.

 

Нақтырақ айтар болсақ, ⁠ғылымға деген қызығушылығы мен зерттеушілік ізденісі үшін Кәусар Шерниязқызы — І дәрежелі дипломен, «Үздік ғылыми жоба авторы» статуэткасына және де  ⁠Қ.И.Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай арнайы тағайындалған «Үздік ғылыми жоба авторы» атты төсбелгісімен марапатталып, арнайы куәлік табыс етілді.  Кәусарды дайындаған жетекшісі Гулназ Джумагазина да I дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

 

Ал, Айсұлтан Дарханұлы ⁠ғылымға деген қызығушылығы мен зертеушілік ізденісі үшін ІІ  дәрежелі дипломмен, «Үздік ғылыми жоба авторы» статуэткасына, оған қоса ⁠Қ.И.Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай арнайы тағайындалған «Үздік ғылыми жоба авторы» атты төсбелгісімен марапатталып, куәлікке ие болды.  Жеңімпазды  дайындаған ұстазы Гүлайым Мусина да арнайы  Алғыс хатпен марапатталды.

Қарғалы-АҚПАРАТ