КӨПКЕ ҮЛГІ, КӨП БАЛАЛЫ АНА

КӨПКЕ ҮЛГІ, КӨП БАЛАЛЫ АНА

Халқымызда тектілігін сақтап, өр мінезімен ерлерге тән іс жасаған батыр аналар көп болғанын білеміз. Қазіргі заманның батыр аналары алтын құрсақты,кәсібін дөңгелеткендер қатарларына өнеге. Сондай нәзік жанның бірі алтын құрсақты ана, кәсібінде дөңгелетіп жүрген Желтау округінің Петропавл ауылының Қасымовтар отбасының анасы Ботагөз Қасымова жайлы мөлтек сыр…

Ботагөз Қасымова 1966 жылы 20 қарашада Темір ауданы, Қопа ауылында дүниеге келген. Әкесі Қазбай елге сыйлы азамат болса, анасы Манар Молдагулова сол ауылда аспазшы болып еңбек еткен. Осы шаңырақтағы 6 баланың тұңғышы Ботагөз 1973 жылы ауылдағы Калинин мектебіне барған, 1984 жылы мектеп бітіріп, сол жылы кезіндегі темір қаласындағы Темір ауыл шаруашылығы техникумының зоотехниктік мамандығын тәмамдайды.      Алайда бітірген мамандық емес, еңбек жолын Темірдегі орта мектептің аға пионер вожатыйлығынан бастаған еңбек жолын өз жалғасын басқа салаға бұрады. 1987 жылы Марат Қасымовпен отбасын құрады. Дәмнің жазуымен 1989 жылы өздері кәсіп ашып, 7 баланы өсірген қанаттандырған киелі мекенге айналған Петропавл ауылына қоныс аударады.

Отағасы Марат бүгінгі күні 2000-жылдан бастап «Қасым» шаруа қожалығының басшысы, егін мал шаруашылығымен айналысады. Ботагөз 7 баланың анасы «Алтын алқа» иегері. Баламен зейнетке шыққаннан кейін өз алдына кәсіп ашқан батыр ана. Олай деуіміз ерлер еңбек ететін қиын жолды таңдап, қыста ауыл ішіндегі қар тазалауды мойынына алып, бел сыбана кірісу үшінде тәуекел керек. Бір сөзбен айтқанда елге танылып еңбек етіп, ұл-қыз өсірген Петропавл ауылын құтты мекен деп құрмет тұтады. Келер парақты батырда батыл ана Ботагөздің өз сөзімен сабақтасақ…

«Жалпы қазақ халқы бала десе бір бүйрегі бұрып, жүрегі езіліп тұрады ғой. Өзімде әке шешемнің көп баласының бірімін. Құдайға шүкір, Алланың қалауымен арманым орындалды. Құдай көпсінбесін 7 баладан 11 немере сүйіп отырмыз, бұйырып ғұмыр жетсе шөбереге де жетерміз. Жалпы айтпағым бала өмірдің мәні ғана емес, өмірдің жалғасы, әрине бала өсіру оңай емес, солай десекте баланы дүниеге әкелуден қашпау керек. Негізінен аналар қауымы, соның ішінде көпбалалы аналар елеусіз қалып жатқан жоқ. Анық айтарым 2022, жылдың желтоқсан айында замандық талапқа сай су жаңа пәтерлі болдық. Оны бізге кәсібімізді дөңгелеткеніміз үшін емес, 7 баланың рыздығы деп сыйға тартты. Сонан-ақ біле беріңіз.

Осындай мүмкіндікті пайдаланып аудан әкімі Асқар Жүсібалиевке, Желтау ауылдық округінің әкімі Азамат Рзағұловқа т.б іс басында жүрген азаматтарға отбасы атынан шексіз алғыс айтып, әлемнің бар жақсылығын тілегім келеді!.»

Бізде мереке қарсаңында ел демографиясын дамытуға зор үлес қосқаныңыз үшін, батыл да ыждағатты еңбегіңізді жоғары бағалап, өзгелерге үлгі етеміз.

Бақыт Имашев.