Көктемгі су тасқынына әзірлік жұмыстары пысықталып, маңызды мәселелер талқыланды

Биылғы қыс бірден қаталдық танытпаса да қар қалың түсті. Санаулы күндерден соң көктем айы да басталмақ.

         Осы орайда өткен аптада  аудан әкімі Асқар Жүсібалиевтің төрағалығымен, аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.

         Комиссия отырысының күн тәртібінде маңызды мәселелер қозғалды. Солардың бірі аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Аслан Каркулов, аудан аумағында көктемгі су тасқынына қарсы қабылданып жатқан шаралар мен  өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында дала өрттерін болдырмау бойынша атқарылып жатырған жұмыстар жайында  баяндама жасады.

Сондай-ақ, аталмыш мәселелер бойынша Қосестек пен Желтау ауылдық округтерінің әкімдері де су тасқынының алдын алу бойынша, қолға алынып жатырған жұмыс барысы жайында хабарлама жасады.
Сонымен қатар, аудандағы жөндеуді қажет ететін көп қабатты үйлердің жайы туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Азамат Өтегенов баяндама жасады.

Осылайша, отырысты қорытындылаған аудан басшысы су тасқыны кезеңіне жауапты қызметкерлер мен ауыл әкімдеріне бірқатар тапсырмалар беріп, жұмыстарды уақытында сапалы атқаруды тапсырды.

Қарғалы-АҚПАРАТ

 

ТегтерОтырыс